National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2018 жылғы 09 қараша

Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова азаматтардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ілгерілету, патриоттық тәрбиенің рөлін, әсіресе жастар арасында одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Оларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды» деген сөзіне тоқталды.

Отырыста Жоғарғы соттың, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі есептері тыңдалды.

Комиссияның биылғы қызметі сараланып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Басқосу қорытындысы бойынша Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдар басшыларына мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің