National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында дауыс берді

2019 жылғы 09 маусым

Мемлекет басшысы №115 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауының тарихи күн екенін атап өтті. Ол билік тарапынан сайлаудың ашық әрі демократиялы өтуі үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

- Менің ойымша, әр сайлау, әсіресе Президент сайлауы «қақтығыс алаңы» емес. Бұл –  үміткерлердің ұсыныстары, бағдарламалары бәсекеге түсетін дода.  Біздің халқымыз елде болып жатқан саяси оқиғаларға ешқашан бей-жай қараған емес. Осы жолы да Қазақстан халқы өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, мемлекетіміздің болашағы үшін дауыс береді деп үміттенемін, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Соңында Мемлекет басшысы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің