National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті

2017 жылғы 06 қыркүйек

Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.

– Сіздің сапарыңыз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді. Еліңіз тәуелсіздіктің 40 жылдығын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлыққа лайықтысыз. Мен сізді құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән беретініне тоқталып, Джибути Республикасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын атап өтті.

Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оның Астанаға келген екінші сапары екенін айтты.

– Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңғаларлықтай өзгергенін атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр, – деді Джибути Республикасының Президенті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің