Джузеппе Вердидің әйгілі операсы Астана күніне орай жаңа форматта –декорациялар мен шоу элементтерін, сондай-ақ отшашуды қолдану арқылы ашық кеңістікте қойылды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Ресейдің халық әртісі Ю.Александров. Қойылымға арналған декорациялар Италия сценографы және режиссері Ф.Дзеффиреллидің эскизі бойынша жасалды. Бұл жоба үшін Болгариядан тенор К.Чанев арнайы шақырылды. Сонымен қатар қойылымға «Астана Опера» театрының орындаушылары – жетекші солист Ж.Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Д.Хамзина, Т.Мұсабаев, Арменияның халық әртісі Б.Туманян қатысты. Жалпы, спектакльге 300-ге жуық адам атсалысты.