Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және оның аясын кеңейтуге байланысты кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ Германия экономикасы шығыс комитетінің осы үдерістегі рөлі талқыланды. Мемлекет басшысы Э.Кордеске Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамытуға белсене қатысқаны үшін алғысын айтып, бірлескен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін әзірлеудің маңыздылығына тоқталды. Э.Кордес Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар дамуы серпінді сипатта екенін атап өтті, сондай-ақ VI Астана экономикалық форумы аясындағы жемісті пікір алмасуларға қанағаттанушылық білдірді.