Сондай-ақ, ойынды УЕФА президенті Мишель Платини мен Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ә.Жақсыбеков көрді. «Тараз» командасын (Тараз қ.) 1-0 есебімен жеңген «Шахтер» клубы (Қарағанды қ.) Қазақстан Кубогының биылғы маусымдағы иегері атанды. Ойын аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысының өзі жеңімпаздарды құттықтап, оларға Кубокты тапсырды. Қазақстан Кубогы үшін ойындар 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді. Кубок жеңімпазы келесі маусымның бас кезінде Суперкубок үшін Қазақстан чемпионымен ойнайды, сондай-ақ 2014-2015 жылдардағы маусымда Еуропа Лигасында ойнау құқығына ие болады.