National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Риксос-Бурабай" қонақ үйінің ашылуына қатысты

2012 жылғы 21 желтоқсан

Бурабайда өткен рәсімнің ашылуы барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл нысан бүкіл еліміздің игілігі үшін қызмет ететінін атап өтті.  

- Бұл Қазақстандағы ең жақсы бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінен саналады. Бұл жерде демалу үшін барлық жағдай жасалған: жақсы жабдықталған бөлмелер бар, кең ауқымды қызметтер көрсетіледі, балалар үшін «Қазақстандық Лапландия» ашылған. Бұл тамаша нысанды біз Жаңа жылдың қарсаңында ашып отырмыз. Мен әуежайды қайта құрылымдауды, сондай-ақ автобанның барын есепке ала отырып, бұл жер келешекте туризмнің орталығы болады деп сенемін. Мен осы қонақ үйді салуға атсалысқанның бәрін құттықтаймын, - деді Мемлекет басшысы.     

«Риксос-Бурабай» - Бурабай шипажайы аймағындағы бес жұлдызды қонақ үй. Жалпы аумағы 26 мың шаршы метр болатын бес қабатты ғимаратта 200 бөлме бар.

Жаңа қонақ үй - Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламасында қарастырылған, туризмді дамыту жөніндегі  жобалардың бірі.  

Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Президенті Щучье-Бурабай шипажай аймағында орналасқан «Қазақстандық Лапландия» бірегей ертегі қалашығында болды. Ондағы мұз айдыны бұғы мен ит жеккен шанамен сырғанауға лайықталып жасалған. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің