National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XI Еуразиялық медиа-форум жұмысына қатысты

2013 жылғы 25 сәуір

Қазақстан Президенті Еуразиялық медиа-форум осымен екінші жыл Астанада өтіп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа медиа-орталық жұмысының басталуы арқылы Қазақстан елордасы Еуразия ақпараттық коммуникациясы маңызды торабының біріне айналғанына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев жалпы кейбір елдердегі оқиғалардың жәй таратушысы  болып қана қоймай, сонымен бірге көп жағдайда олардың барысын анықтайтын медиа-саланың мәні әлемде артып отырғанына назар аударды. Бұл ретте БАҚ-тың дамуы үшін іс жүзінде шектеусіз мүмкіндіктер ашатын бұқаралық онлайн-журналистика шешуші рөл атқарады.

Мемлекет басшысы Қазақстан масс-медианы дамыту перспективаларын қоғамдағы бірлікті нығайту, елдің ілгерілеу жолына сеніммен қадам басуын қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан қарастыратынына тоқталды.

- Медиа-саланың рөлін арттыру тек экономикада ғана емес, сонымен бірге саясатта, әлеуметтік өмірде, қоғамның рухани-адамгершілік жағдайының дамуының жоғары стандарттарын қалыптастырушы, мен «бұқаралық инновация құралдары» деп атап отырған жаңа БИҚ-тың пайда болуына алып келеді. Мен бұдан ұлттық және жаһандық масс-медианың XXI ғасырдағы басты миссиясын көремін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Орталық Азия, жалпы әлем сияқты, өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің артуына байланысты өзгерістер белдеуіне қадам басты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осымен үшінші жыл қатарынан әлем бұрын экономикасы мен әлеуметтік дамуы қарқынды болған бірқатар мемлекеттердің тұрақтылық аймағынан «шығып қалып» жатқанын көріп отырғанына тоқталды.

- Жаһандық көмектің «созылмалы» реципиенттерінің болуы – әлемдік экономикалық жүйеге артылатын айтарлықтай жүк. Бұл жаһандық дамуға ұзақ мерзім тежеу болуы әбден мүмкін. Сондықтан «геосаяси жеңілойлылықты» мен жаһандық салмақты экономикалық проблема деп санаймын, ол енді қазірдің өзінде адамзат үшін қымбатқа түскелі отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, мұндай жағдайда орнықты дамуды қамтамасыз етуге деген жаңашыл көзқарас қажет.

– Қазақстан өңірлік даму мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды. Нақ сол себептен де біз Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бірге Еуразия экономикалық одағын құру жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінде әлемде еуразиялық интеграцияға «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінің әбден көмескі тартып, тозған линзасы арқылы қарайтын саясаткерлер мен сарапшылар бар. Бірақ бұл ескі оптика шындықты бұрмалап көрсетеді. Үш елдің өз тауарларының, қызметтерінің және жұмыс күшінің нарығын біріктіруге ұмтылысы бүкіл жаһандық экономиканың тек ұтуына алып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті G-20 форматы аясында жаһандық экономикалық шешімдерді іздеудің, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы әлемнің жаңа құрылымының қалыптасуына негіз ретінде өзі ұсынған G-GLOBAL идеяларының  маңыздылығын атап өтті.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушыларға пікірталастарының жемісті болуын тілеп, оның қорытындысы бойынша пайдалы ұсынымдар жасалады деген үмітін білдірді.

Еуразия медиа-форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Мемлекет басшысына медиа-форум қызметіне ұдайы көңіл бөлетіні және қазіргі заманғы ең өзекті тақырыптарды талқылау бойынша қатысушылардың ортақ күш-жігер жұмсағанына жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

Сөздің толық мәтінін мына жерден қараңыз.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің