National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев фотоэлектрлі модульдерді өндіретін зауытты іске қосу рәсіміне қатысты

2012 жылғы 25 желтоқсан

Зауытты іске қосу рәсіміне мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары және француздық іскер топтардың өкілдері -жоба бойынша серіктестер қатысты.

Қазақстан Президенті зауытты іске қосу жұмысын бастап берді және кәсіпорынның ұжымымен бейресми әңгіме өткізді. Мемлекет басшысы жаңа кәсіпорынның ашылуы Жаңа жыл қарсаңында еліміз үшін, бүкіл Қазақстан үшін үлкен сыйлық болғанын атап өтті.

- Біз индустрияландыру туралы айтқанда, ең алдымен, инновациялар туралы, яғни, бұрын бізде болмаған жаңа технологиялар туралы айтамыз. Мұндай зауыт Қазақстанда болған жоқ. Сіздер күн батереялары модульдерін өндіретін ең алғашқы нысанның жұмысшылары болып саналасыздар. Болашақ - «жасыл» экономикада. Бұл экологиялық таза энергиямен жұмыс істейтін ең озық кәсіпорынға жатады.  Күн энергиясын, сондай-ақ жел энергиясын қолдану біздің еліміздің дамуы үшін маңызды мәнге ие болмақ. Инновациядан кейін болашақ жаһандық дамуға жол ашылады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.                

 «Astana Solar» ЖШС зауыты («Қазатомпром» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) Қазақстанда жаңартылған энергия көздерінің өндірісі бойынша толық біріктірілген өнеркәсіптік желі құру аясындағы жобаның қорытынды технологиялық буыны болып саналады. 

Астанадағы жаңа зауытта қазақстандық кремний негізінде күн батареялары шығарылатын болады. Зауыт техника қауіпсіздігі және экологиялық нормалардың ең жоғары талаптарына сай келетін соңғы буындағы автоматтандырылған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Шығарылуы жоспарланып отырған фотоэлектрлі пластинаның жобалық қуаты 50 Мвт-қа тең, ал келешекте оны 100 Мвт-қа жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл кәсіпорынның пайдалануға берілуі түрлі бейіндегі 175 қазақстандық маманды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Олардың біразы - мамандықтарына сай шетелде оқып келгендер.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің