Мемлекет басшысы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Андрей Голубев (Қазақстан) пен Давид Гоффен (Бельгия) арасындағы ойынды тамашалады. Дэвис кубогы аясындағы ірі халықаралық жарыс теннистен ерлер арасында жыл сайын 1900 жылдан бері, ал 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының қолдауымен өткізіліп келеді.