National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты

2017 жылғы 09 маусым

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы 16 жылдағы даму тарихында халықаралық тұрғыдан мойындалып, көп салалы өзара іс-қимылдың тиімді басқосуына айналғанын атап өтті.

Аймақтық қауіпсіздікті нығайту, елдеріміз арасындағы  экономикалық өзара іс-қимылды ілгерілету және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жолында ауқымды жұмыс атқарылды. Шарттық-құқықтық база қалыптасты. Ұйымның берік институционалдық негізі жасалып, аймақтық және жаһандық ықпалы артып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Астана саммиті ұйымның жаңа тарихына бастау болып отырғанына тоқталды.  

– Бұл отырыс алты тарапты форматта соңғы рет өтіп отыр. Бүгін біз Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасын қабылдау рәсімін аяқтап, оларға ШҰЫ-ның мүше-мемлекеті мәртебесін беру жөніндегі шешімге қол қоямыз. Жаңа мүшелерді қабылдау ұйымның дамуына зор серпін беріп, оның халықаралық беделінің артуына септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысында геосаясаттағы кейінгі үрдістер мен әлемдік экономикадағы негізгі трендтер ескеріліп отыратынын атап өтті.  

– Басты мақсаттарға біртіндеп қол жеткізу және барлық бірлескен шешімдерді тиімді іске асыру үшін  жүйелі жұмыс жүргізілуде. Тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген жаңа қауіп-қатерлерді еңсеру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, осы саммит аясында Халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы мәлімдеме қабылдап, Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенцияға қол қою жоспарланып отыр.  Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымының осы жаһандық зұлматпен күресуге қосқан елеулі үлесі болмақ, – деді Қазақстан Президенті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің