Қазақстан Президенті Әмірлік тарапына АӨСШК-ны ұдайы қолдағаны және форумның барлық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесуде халықаралық күн тәртібі, Таяу Шығыстағы жағдай, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Қазақстанның араб және мұсылман әлеміндегі маңызды серіктесі болып саналатынын және бүгінгі күні саяси ынтымақтастықта жоғары деңгейге қол жеткізгенін атап өтті. Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру және шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шара қабылдау туралы уағдаласты.