National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік театр күніне орай тұңғыш рет тағайындалған «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығымен марапаттауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты

2017 жылғы 27 наурыз

Іс-шараға Парламент депутаттары, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, еліміздің танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде ел дамуындағы мәдениет пен өнердің маңызды рөліне Қазақстан Президентінің айрықша мән беретінін атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды, бүгінде 52 театр табысты жұмыс істейді, жаңадан «Астана Опера», «Астана Балет» театрлары, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова 2016 жылы құрылған Қазақстан театрлары қауымдастығы еліміздің рухани-мәдени өміріне және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосатынына, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда Мемлекет басшысы айқындап берген мақсаттарды іске асыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

«Сахнагер» ұлттық театр сыйлығы еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыратын шығармалар тудырып, елдің біртұтас мәдени кеңістігі аясын кеңейтуге, қазақстандық патриотизмді дамытуға, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыруға қосқан үлесі үшін беріледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің