National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

2015 жылғы 08 мамыр

 

Он мыңға жуық адам қатысқан рәсім барысында Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті.

Мемлекет басшысы монументке гүл қойғаннан соң соғыс және еңбек ардагерлерімен әңгімелесті.

Елбасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

– Бұл соғысқа көп ел қатысты, миллиондаған адамдар майдан даласында қаза тапты және соншасы жарақат алды, жақындары жапа шекті. Біз – жеңімпаз әкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер олар жеңіске жетпегенде, қазір біздің жағдайымыз қандай боларын елестетудің өзі қиын. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Мен жастардың оларға әрдайым көмектескенін, қарт ата-аналарын құрметтегенін қалаймын, біздің халық солай болуға тиіс. Ардагерлер арамызда аман-есен ұзақ жүріп, адамгершілік, моральдық ұстанымдарымен жас буынға үлгі бола берсін. Мерекелеріңізбен, қымбатты қазақстандықтар! Әрбір отбасыға бақыт, табыс және ашық аспан тілеймін! – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің