National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елордалық жаңа жылдық кешке қатысу

2013 жылғы 27 желтоқсан

 

Іс-шара «Көрме» көрме кешенінде өтті. Кеш аясында жиналған қаражат қайырымдылық мақсатқа бағытталатын болады.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы баршаны алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, бұл мерекенің қазақстандықтар үшін әрдайым қуанышты оқиға болып саналатынын атап өтті. Биыл халқымыздың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің арқасында күллі әлем алдында еліміздің беделі өсіп, оған деген құрмет арта түсті.

– Қазақстан экономикасының өсімі әлем елдері арасында ең жоғарылардың бірі болды, соның есебінен азаматтарымыздың әл-ауқаты артты. Биылғы жылы ауқымды істер, соның ішінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру жөнінде көп жұмыс атқарылды, онда біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп қойдық. Біз оған жетеміз деп сенемін. Өтіп бара жатқан жылға зор алғысымызды айтамыз, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға бақыт, игілік пен табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің