National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысты

2015 жылғы 22 мамыр

 

«Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналған форум жұмысына әлемнің 90 елінен 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті форумда сөйлеген сөзінде бүгінгі жаһандық кеңістікте болашақтағы өркендеуге қауіп төндіретін сын-қатерлер туындап келе жатқанына назар аударды.  

– Біз әлемде бұрынғы тежеу және арасалмақ сақтау жүйесінің күйреуіне, ұлы державалар көшбасшылары арасындағы сенімнің жоғалуы мен халықаралық құқықтың қожырауына куә болып отырмыз. Халықаралық институттар бейбітшілік пен тұрақтылыққа кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар климаттың өзгерісі жылдам жүріп жатыр. Бұл салдары ауыр табиғат апаттарынан көрініс табуда. Азық-түлік тапшылығы да жалғасып отыр. Халық санының, табыс пен урбанизацияның өсуі секілді үшжақты үдерістің қысымымен таяу 30 жылда азық-түлік өндірісін екі еселеуді қажет етеді. Мұны жердің ресурсы таусылып жатқан кезде істеуге тура келеді, –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көлік саласындағы бірлескен бастамалар ынтымақтастық үшін жақсы іргетас болатынын айтты.

– Ол елдердің, сондай-ақ өңірлік бірлестіктердің  өзара тығыз іс-қимылы мен ықпалдастық формаларына бастау болуы тиіс. Мен Біріккен еуразиялық экономикалық кеңістік құруды ұсынамын. Бізге барлық қатысушылардың ұлттық мүдделерін ескеретін және кедергілерді жоюға, өзара тиімді ықпалдастықты арттыруға бағытталатын бірыңғай қағидалар қабылдау маңызды. Қағидалар бірінші кезекте сауда, тасымал және ресурс қозғалысына қатысты болуы тиіс. Жібек жолының экономикалық белдеуін құру түпкі мәнінде осы қағидаттарды қалыптастырады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылып отырған Біріккен Еуразиялық кеңістік аясында құрлықтың әрі қарай даму бағыттары мен ықпалдастық деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірленетін, тұрақты жұмыс істейтін алаң құру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумының осындай алаң бола алатынын айтты.

Форумның жалпы отырысының модераторы ВВС бас бизнес-тілшісі Л.Юэ болды. Сондай-ақ іс-шара барысында БҰҰДБ әкімшісі Х.Кларк, Люксембург Премьер-министрі К.Беттель, JP Morgan Chase International компаниясының төрағасы Д.Френкель, экономист К.Рогофф, Roubini Global Economics президенті Н.Рубини сөз сөйледі. Сонымен қатар, форум қатысушыларына ЭЫДҰ бас хатшысы сөз арнады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің