National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты

2015 жылғы 16 қазан

 

Іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімов, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары С.Сатлыков, Молдова Республикасының сыртқы істер және еуропалық интеграция министрінің орынбасары А.Галбур қатысты.

Отырысты ашқан Қазақстан Президенті Кеңеске қатысушылар атынан А.Лукашенконы өткен сайлаудағы жеңісімен, сондай-ақ А.Атамбаевты Қырғызстанда парламенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ТМД құрылғалы бері елдеріміздің арасындағы көпжақты ынтымақтастықты жандандыруды, іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша интеграцияны тереңдете түсуді дәйектілікпен жақтап келе жатқанын  айтты.

ТМД  – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі 11 мемлекетті біріктіретін бірегей құрылым. Біздің өңірде оған балама жоқ. Біз мұндай кездесулер аясында халықаралық саясаттың ең маңызды проблемалары бойынша сенімді ыңғайда пікір алмасып, көпжақты ынтымақтастығымыздың кез келген мәселесін талқылай аламыз. Біздің бүгінгі іс-шарамыз ТМД-ны дамыту ісіне өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ 17 мәселе қаралатын бүгінгі отырыстың күн тәртібі тығыз  екенін айтты.  

Мәселелердің елеулі бөлігі қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз етуге арналған, халықаралық шарттар топтамасына қол қою, бағдарламалық құжаттарды бекіту, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық терроризмге қарсы күреске және БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған мәлімдемелерін қабылдау жоспарланған. Ұсынылған құжаттардың іс жүзіндегі  мәні зор және оларды қабылдау елдеріміздің ынтымақтастығын нығайта түсуге ықпал ететін болады, – деді Елбасы. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің