Кездесу барысында Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан БҰҰ-ның тиісті қарарлары негізінде тәуелсіз мемлекет құруға Палестина халқының заңды құқығын іске асыруын жақтайтынын, сондай-ақ Палестинаның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған халықаралық қоғамдастықтың барлық шараларға қатысатынын атап өтті.