National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында болды

2016 жылғы 10 наурыз

 

Қазақстан Президентіне зауыттың жаңа өнім үлгілері көрсетіліп, мұнай жабдықтарын шығарудың технологиялық үдерісі таныстырылды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен, облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен әңгімелесті.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елді индустрияландыруға байланысты жұмысшы мамандықтарының маңызы артатынын, соған орай мемлекет бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев өңір кәсіпорындарында жұмыс орындарын сақтаудың,  өндірістік үдеріске инновациялар енгізудің маңыздылығын да атап өтті.

Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты – елдегі мұнай кәсіпшілігіне арналған кешенді жабдықтар шығаратын мамандандырылған машина жасау кәсіпорнының бірі.

Қазақстанда насос штангаларын шығаратын бірден-бір зауыт саналатын кәсіпорын ел нарығының 80 пайыздан астамын қамтамасыз етеді және Өзбекстан мұнай компанияларына жабдықтар жеткізеді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің