National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды

2018 жылғы 15 қазан

Мемлекет басшысына индустриялық аймақта іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін атқарылған жұмыстар туралы мәлімделді.

Ақтөбе облысының әкімі өңірдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

– Есепті кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсу қарқыны сақталып отыр. Өнеркәсіп өсімі – 105,7 пайыз. Жалпы, қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнімнің құны 1,3 триллион теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 167,3 миллиард теңгені немесе 104 пайызды құрады. Осы айда 85 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,1 пайызға артық. Биылғы 9 ай ішінде 318 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, – деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, өңір басшысы негізгі  мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» жүзеге асырылу барысы жөнінде есеп берді. 

Баяндаманы тыңдаған соң, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арналған жолдауды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, облыстағы орташа жалақыны өсіру, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және өңірдің, әсіресе Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалын жақсарту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

***

«Ақтөбе» индустриялық аймағының көлемі 200 гектар жерді қамтиды. Онда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, автомобиль және темір жол көліктеріне арналған кірме жолдар бар. Бүгінде мұнда жалпы құны 60,3 миллиард теңге болатын 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің