Елбасы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған рельс-арқалық зауыттың жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына зауыт өнімін алыс және таяу шет елдерге, соның ішінде Өзбекстанға, Түрікменстан мен Әзербайжанға экспорттаудың қазіргі жағдайы туралы баяндалды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен кездесіп, оларға жемісті еңбек етіп, кәсіби табысқа жетуге тілектестік білдірді. *** Зауыт «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын өз өнімімен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 430 мың тонна өнім өндіруге жетеді.