Мемлекеттер басшыларына «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралау барысында кәсіпорынның жүзім өсіру, шарап жасау ісін дамыту саласындағы жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Екі елдің басшылары жүзім қабылдау және оны ферментациялау сатысының технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ өнім тазартылып, құтыларға құйылатын цехтарды аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевке жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақтар көрсетілді. *** Зауыттың ақ және қызыл шарап өндіру үшін қажетті қуаттылығы жеткілікті, сондай-ақ шығарылатын шараптың сапасына бақылау жүргізетін зертхана бар. Кәсіпорындағы өндірістік кезең еуропалық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.