Қазақстан Президенті жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады. – Бұдан 10-15 жыл бұрын өзіміз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айналды, – деді Елбасы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған көпшілікке бақ-береке тілеп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ниеттестігін білдірді. *** «DALA-FRUIT.KZ» серіктестігі жылына 8-10 мың тонна алма өсіреді. Компания өз жұмысында бақ өсіру саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді қолданады.