National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

2018 жылғы 17 тамыз

Мемлекет басшысы кәсіпорынның цехын аралап көріп, майлы дақылдарды өңдеудің және тазартылған майды өндірудің технологиялық процесімен танысты.

– Сіздердің инвестицияларыңыз қайта өңдеу өндірісіне алғаш рет тартылып отыр. Бұл Қазақстанның аграрлық кешеніне қосылған маңызды үлес болып саналады. Мұнда өндірілген бүкіл өнім сыртқы нарыққа шығарылып, еліміздің экспорт көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және табыс табуға септігін тигізеді. Осының бәрі өте маңызды, – деді Қазақстан Президенті.

Кәсіпорынды аралап көргеннен кейін өңір әкімі Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз бойынша топырағы ең құнарлы әрі ауыл шаруашылығы үшін жері қолайлы саналатын Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық салаға дәстүрлі түрде маманданғанын айтып, Қазақстанда өндірілетін астықтың төрттен бір бөлігі осы өлкеге тиесілі екенін атап өтті.

– Мұнда ауыл шаруашылығының әлеуеті әлі де тиісті дәрежеде пайдаланылып отырған жоқ. Бұл ретте, облыс егіншілері жер өңдеу, астық өндіру ісінің жоғары деңгейдегі мамандары болып саналатыны сөзсіз. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласын дамытумен де айналысу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Қазақстан-Ресей XV өңіраралық форумын өткізуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығына ғылыми жетістіктер мен цифрландыру үдерісін енгізу, шекаралас өңірлермен ынтымақтастықты жандандыру, өнеркәсіп өндірісі мен туризм саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ өңірдің инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттыру арқылы облыстың аграрлық әлеуетін кеңейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Бес әлеуметтік бастама» осы мәселелерді шешуге септігін тигізу қажет. Оның жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

***

«Тайынша май» ЖШС-і өңірдің ауыл шаруашылығы кластеріндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Зауыт Еуропада жасалатын заманауи құралдармен жабдықталған және тәулігіне 1000 тонна шикізат өндіруге мүмкіндігі бар. Кәсіпорында 46 адам жұмыс істейді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің