Орталық тәулік бойы қаланың қауіпсіздігін бақылайды, коммуналдық кәсіпорындардың барлық Call-орталықтарын біріктіреді және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын өңдеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Президентіне басқару панелінің мүмкіндігі көрсетілді. Мұнда қосылған 6 мыңнан астам камера төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде шұғыл әрекет етіп, оларды қалыпқа келтіруге, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың қызметінің негізгі тұтынушысы ретінде халықпен тиімді кері байланыс және коммуникация орнатуы үшін заманауи цифрлық технологияны қолданудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл тәжірибені өңірлерге тарату қажеттігін айтты.