Ғимаратты көру барысында Қазақстан Президентіне театр құрылысының аяқталу сатысының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бүгінде ғимараттың ішкі және сыртқы инженерлік желілерін орнату жөніндегі негізгі жұмыстар аяқталды. Театр 1500 орынға лайықталған, соның ішінде 1250 орындық көрермендер залы, 250 орынға арналған камералық музыка залы бар. Нысанды салуға жұмылдырылған жұмысшылар саны 810 адам. Құрылысты биылғы маусым айының соңында аяқтау жоспарланған.