Мемлекет басшысы зауытты аралап көріп, алюминий радиатор шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Қазақстан Президентіне облыстың Индустрияландыру картасының іске асырылуы туралы да баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың еңбек ұжымымен әңгімелесіп, олар өндіретін өнімге сұраныс бар екенін айтты. Кәсіпорын негізінен алюминийден еуропалық сападағы алюминийлік және биметалдық, өзге де формадағы радиаторлар жасаумен айналысады. Елдің ішкі нарығымен қоса көрші елдер де бұл өнімнің негізгі тұтынушысы болып саналады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 250 мың дана өнім шығаруға лайықталған.