National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды

2016 жылғы 09 наурыз

 

Мемлекет басшысы өнер мен мәдениет залын, кітапхананы және мемориалдық кабинетті қарап көрді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев облыстың шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың жаңаруына ғылыми жетістіктер мен инновациялар негіз болатынын атап өтті.

Біз және жас ұрпақ мүлде басқа құрылымдағы экономиканың куәгері боламыз. Бұған ең алдымен білім арқылы дайындалуымыз керек. Балалардың бойына мектептен бастап инновациялық тұрғыдан ойлау қасиетін дарыту керек. Болашақта бүгінгі мамандықтарға қажеттілік азаяды. Өйткені, қазіргі заманда ғылым өте жылдам дамуда. Қазір басқа сипаттағы білім қажет. Балалардың еркіндігі мен шығармашылығына  көбірек мүмкіндік беріп, белсенді ойлау қабілетіне қолдау көрсету керек, – деді Мемлекет басшысы.

Шығармашыл зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жүргізіп отырған татулық пен келісім саясаты үшін, елдің түрлі этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

Шығармашылық үйі әдеби-шығармашылық сипаттағы кездесулер мен концерттерді, бейнелеу өнері туындыларының көрмесін, облыстың жазушылары мен ақындары шығармаларының кітапханасын ұйымдастыру сияқты түрлі шаралар өткізуге арналған. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің