Елбасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бағдарламасы арқылы салынған Шығармашылық академиясына барды. Қазақстан Президентіне академияның жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Онда бір уақытта 1000-ға жуық бала ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысып, өздерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қабілеттерін дамыта алады. Соңында облыс әкімі Б.Сапарбаев өңірдің қазіргі кезеңдегі негізгі даму көрсеткіштері туралы айтты. *** Шығармашылық академиясы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржысына салынған. Мекеме 6-18 жас аралығындағы балалар мен жастарға мектептен тыс қосымша білім беруге арналған.