Нұрсұлтан Назарбаев теңіз терминалының қызметімен танысып, оның даму перспективалары туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында Қазақстан Президентіне 2020 жылға қарай барлық порттың, соның ішінде Ақтау солтүстік теңіз терминалының қуаттылығын айтарлықтай арттыру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына «Жібек жолы» жүк тиеу кешенінің жұмысы туралы мәлімделді. Іс-шара соңында Елбасы терминал қызметкерлерімен әңгімелесті. *** Терминал жұмысы экспорт-импорт өсімін арттыруға және Қазақстан мен Орталық Азия елдері өнімдерін Ақтау порты арқылы Кавказ маңы, Парсы шығанағы елдеріне және Ресей Федерациясына жеткізуге бағытталған. Кәсіпорында жыл бойы дәнді дақылдар тиеу және жөнелту, кемелерге кешенді қызмет көрсету, ірі тонналық жүк контейнерлерін сақтау жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ қоймада жүк сақтау операциялары жүзеге асырылады.