National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев паралимпиялық жаттығу орталығына барды

2018 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы жазғы және қысқы паралимпиялық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар мен спорттық резервті сапалы әрі кәсіби дайындау үшін салынған елорданың жаңа бірегей спорт кешенімен танысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев ойын залын, күрес залы мен жаттығу бөлмелерін аралап көріп, спортшылармен және бапкерлер құрамымен әңгімелесті.  

– Өздеріңіздің табандылықтарыңыз бен ерік-жігерлеріңіздің арқасында еліміздің даңқын асқақтатып жүрсіздер. Мен сіздердің еңбектеріңіз бен өршіл қасиеттеріңізге тәнтімін. Сіздер барша жұртқа лайықты үлгі көрсетіп келесіздер, – деді Қазақстан Президенті.

Нысанды аралап көру барысында Мемлекет басшысы XII қысқы паралимпия ойындарының чемпионы Александр Колядинге спорттағы жетістігі үшін естелікке сыйлық тарту етті.  

Сонымен қатар, спорттық нысанның ашылу рәсімінде Азия Паралимпиялық комитетінің президенті Маджид Рашед Нұрсұлтан Назарбаевқа осы ұйымның Құрмет Орденін тапсырды.

М.Рашед бұл сыйлық Қазақстан Президентінің еліміздегі паралимпиялық қозғалысқа қосқан зор үлесін, сондай-ақ Елбасының ерекше мұқтаж адамдарды әлеуметтік қорғау және барлық азаматтар үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы тұрақты қолдау көрсетуін мойындаудың белгісі екенін атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің