National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2015 жылғы 18 сәуір

 

Қазақстан Президенті Алматыны дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанына назар аударды.  

– Барлық қазақстандықтар, соның ішінде мен де бармын, Алматыны жақсы көреміз. Тәуелсіздік жылдары қала бұрынғыдан да көркейе түсті. Мұнда өмір сүру, сапалы білім алу және емделу, еңбек ету үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Универсиада-2017 үшін салынып жатқан барлық нысандар кейін халықтың игілігіне пайдаланылатын болады. Алматы – тұрғындары тату тұратын полиэтникалық қала, бұл берекелі тіршіліктің негізі болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев маңызды міндеттің бірі қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту екенін де атап өтті.

– Осы мақсатпен қоғамдық көлік газға көшірілуде. Бүгін екі жаңа метро стансасы ашылды, бұл да экологияның жақсаруына өз үлесін қосады. Жалпы, келешекте жаңа трамвайларды, электромобильдерді іске қосу, сондай-ақ қаланың орталығын жаяу жүргіншілерге лайықтау жоспарланып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығына барған кезінде өзінің қазақстандық тауарлар сатып алғанын айтты .

– Мен баршаға отандық өнім алуға кеңес беремін, бұл біздің қазақстандық бизнеске көмек болады. Біздің тауарлар экологиялық жағынан таза. Адамға ең пайдалысы – туған елінде өндірілген өнім, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті қала тұрғындарына табыс және бақ-береке тіледі.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің