Қазақстан Президентіне әуежайдың 3,4 млрд. теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен іске асырылатын ұшу-қону алабын қайта құрылымдау жобасы таныстырылды. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алаптың ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын болады, ол қазіргі заманғы ұшақтардың барлық түрін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, әуежай иелері аяқталуы келесі жылдың көктеміне жоспарланған жолаушылар терминалына да қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізуде. Алаңы 5,5 мың шаршы метрлік жаңа жолаушылар терминалы барлық заманауи талапқа сай келеді және жоғары деңгейде көрсетілетін қызмет пен жолаушылар ағынының айтарлықтай өсуін өзара үйлестіруге мүмкіндік береді.