National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізді

2013 жылғы 27 тамыз

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев солтүстік өңірлерге дәстүрлі сапарлары агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен және жиын-терін науқанының барысымен танысуға арналатынын атап өтті.

– Ауыл шаруашылығы өңірді дамытудың басты қозғаушысы болып саналады. Жоспар бойынша 5 миллион тоннаға жуық астық жинау көзделуде. Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы маңызды экспорттық әлеуетке ие болғандықтан мемлекет оған орасан инвестиция салып отыр. Біз барлық басымдықтарымызды пайдаланып, тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырғанымыз жөн. Біз шикізатты сыртқа шығара отырып, неліктен ұн өнімдерін импорттаймыз? Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз әрбір өңір өзін қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, ал барлық артық өнімді сыртқы нарыққа экспорттауға тиіс екендігін білдіреді. Біз ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі есе арттыру мақсатын алға қойып отырмыз. Біз бұған және агроөнеркәсіп кешенінің рөлін күшейтуге өзіміз қайта өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығармайынша, тек дәнді дақылдар есебінен қол жеткізе алмаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өнімділігі жоғары аграрлық секторды дамыту үшін бүкіл әлеуетті жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

– Біз ауыл шаруашылығы жерлерінің миллиондаған гектарын шаруашылық субъектілеріне таратып бердік, алайда үлкен алқаптар қазір бос жатыр. Сондықтан біз салық салуды  жер өңдеуді ынтыландыратындай етіп жасап отырмыз, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы облыстың өңірлік жиынтық өнімінде үлесі артып келе жатқан өнеркәсіптің қарқынды дамуы қажеттігін  де атап өтті.

– Өңірде пайдалы қазбалардың мол қоры болмағандықтан, машина жасауды қоса алғанда, өңдеуші сала үлкен мәнге ие болады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік сектордағы жақсы көрсеткіштерді атай отырып, сумен жабдықтау мәселесіне назар аударды.

–  Ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі «Ақ бұлақ» бағдарламасын сәнге айналдыру үшін жүзеге асырмау керек. Таза су – ұлт саулығының кепілі. Сондықтан бағдарламаның іс-шарларын тиімді жүзеге асыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту  бағыттары жөнінде облыс әкімі С.Ескендіров және ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков баяндама жасады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің