Кәсіпорында Нұрсұлтан Назарбаев сүт өндірудің технологиялық үдерісімен танысып, ұжыммен бейресми әңгіме өткізді. Сондай-ақ кәсіпорынды аралау барысында Президентке өңірдегі Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Зауыттың жобалық қуаты - жылына 85 мың тонна. Оны қайтақұрылымдауға 3,6 миллиард теңге инвестиция салынған. Өндірісте жетекші еуропалық компаниялардың жабдықтары пайдаланылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасының импорт алмасу саясатына сәйкес және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске асырылған.