Президент Ақмола облысына сапары барысында «Ақай» тігін шеберханасының жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылып жатқан өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс пен өркендей беруді тіледі. Кәсіпорын қызметкерлері Мемлекет басшысына шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.