Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңірді дамытудың басымдығы бар бірқатар бағыттарына тоқталып өтті. Жергілікті билік бұл бағыттарға бүгінде айрықша көңіл бөлуі тиіс. Атап айтқанда, жаңа экономикалық жағдайда жұмыс орындарын сақтау, жаңа индустриялық нысандарды дамыту және облыстың өндіруші ірі кәсіпорындарының төңірегінде индустриялық аймақ құру мәселелері талқыланды.