National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «ССКӨБ» АҚ-ның 60 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысты

2014 жылғы 02 қыркүйек

 

Рудный қаласының орталық стадионында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы қаланың барша тұрғындарын мерейтойлық мерекемен – Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі жұмысының 60 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Президенті  өз сөзінде ССКӨБ дамудың даңқты жолынан өткенін айтты.

Мемлекет басшысы  ССКӨБ-нің қалыптасуы мен дамуында оның негізін қалаған ардагерлердің еңбегі зор екендігіне тоқталды.

- ССКӨБ тарихы – бұл, ең алдымен, оның бастауында тұрған және кеншілердің жақсы дәстүрін сақтап келген адамдардың тарихы. Біз сіздермен бұрынғы Кеңес одағының республикалары арасындағы байланыстар үзілген қиын кезеңде жаңа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын бірге өткердік, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикасына миллиардтаған инвестициялар тартылды, еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді. Қазақстанның экономикасы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретінде танылғанын еске салды.  

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде бұл кәсіпорын республиканың өнеркәсіптік өндірісіндегі көшбасшылардың бірі саналатынын, мұнда түбегейлі жаңғырту жүргізілгенін, кәсіпорында  ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып,  жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын айтты.

- Бүкіл еліміз секілді ССКӨБ-нің де адамдар көкейіне ертеңгі күніне деген сенім ұялататын нақты жоспары бар, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ССКӨБ ұжымының жаңа жетістіктерге жететініне сенімін білдірді.

- Біз барлық батыл армандарымызды бірге жүзеге асырып, Қазақстанды гүлденген мемлекетке айналдыра аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына бақ-береке және Қазақстанның өркендеуі жолында зор табыстар тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің