National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «B.B.NURA» ЖШС Нефрология және эфферентті терапия орталығында болды

2016 жылғы 16 наурыз

 

Мемлекет басшысы медициналық палаталарды аралап, орталық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті еңбек ұжымы өкілдерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

– Өткен жылдар ішінде Қазақстанда 1300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның арқасында 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Дағдарысқа қарамастан, 1 қаңтардан бастап біз медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 28 пайызға көтердік. Бұл орталықтың мемлекет-жекеменшік серіктестігі арқылы салынғаны өте маңызды, мен бұл бағытты қолдаймын. Жұмысқа қажетті жағдай жасалуда, ал дәрігерлер елдің игілігіне қызмет ету үшін өз біліктіліктерін арттыруы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, сондай-ақ таяу уақыттары Қазақстан Президентінің тапсырмасымен салынған жаңа перинатальдық орталықтың ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.

***

Медициналық мекеме елдегі 25 аппараты бар ірі диализдік орталық болып саналады және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен зардап шегіп отырған науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің