Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығының жаңа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды. Сонымен қатар мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды. *** Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50% болады. 8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды.