Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысына жаңа терминал таныстырылып, әуежайды қайта жөндеу, арнаулы жаңа техникалар алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды. «Әулие ата» әуежайы әуежай кешенін, аэровокзалды, аэродромды, авиациялық-техникалық базаны қамтиды. Сондай-ақ онда ұшуды радио құралдары көмегімен және жарықпен қамтамасыз етуге арналған құрылғылар, түрлі техникалар және басқа да жабдықтар бар.