National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы кардиологиялық орталыққа барды

2014 жылғы 20 тамыз

 

Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы, орталықтың қызметі, оның бірегей оталар жасауға мүмкіндік беретін техникалық жарақталуы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті орталықты аралау барысында жас дәрігерлермен әңгімелесті, олардың жұмысының маңыздылығын атап өтіп, баршасына табыс тіледі. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау жүйесін дамытудың арқасында республикада халықтың өмір жасы ұзарғанына назар аударып,  бұған осындай медициналық мекемелер үлкен үлес қосып отырғанын айтты.

173 адам жұмыс істейтін облыстық кардиохирургиялық орталықта жоғары мамандандырылған және мамандандырылған кардиологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсетіледі. 2013-2014 жылдары 1415 коронароангиография, 624 стенттеу және жүрекке 183 ашық ота жасалды, сондай-ақ 33 электрокардиостимулятор қойылды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің