Мемлекет басшысы жыл бойына жаттығу үдерісін қамтамасыз ететін және әуесқойлармен қатар кәсіпқойлардың да облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарын өткізуге мүмкіндік беретін жаңа спорт нысанының инфрақұрылымымен танысты. Теннис орталығы ITF халықаралық теннис федерациясының стандарттарына сай салынған, оның үш жабық және үш ашық корты бар.