Оны аралау барысында Мемлекет басшысы жылу мен мұнай жеткізуге арналған қапталған болат құбырлар өндірісінде қолданылатын технологиялармен танысты, сондай-ақ зауыт ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті кәсіпорын шығарып жатқан өнімдер елдің қарқынды дамып келе жатқан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС зауытының бірегейлігі өндірісте ауаға зиянды заттардың (СО2) таралуына жол бермейтін «жасыл технологиялардың» қолданылуында болып отыр.