Орталық қызметі 2014 жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, Ахуалдық орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оның орындалу барысын да қадағалайды. Ахуалдық орталықта арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс істейді.