National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифингі

2015 жылғы 27 наурыз

 

Қазақстан Президенті халық саны жөнінен алдыңғы қатардағы өңірдің бірі  саналатын Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына мемлекеттің зор көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

– Біз Шымкенттің миллионнан асатын тұрғыны бар қалаға айналуы үшін қажетті күш-жігер жұмсап отырмыз. Қала өсіп, мұнда жаңа орталық салынуда. Өңірдің инфрақұрылымы жақсарып келеді. Облыс арқылы  автомобиль жолдары мен теміржол магистральдері, газ құбырлары өтіп жатыр. Бұл жайт бизнестің өркендеуіне, жалпы бүкіл халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кешенін басым дамыту ісіне назар аударды.

– Облыстың көкөніс пен жеміс-жидек өндіретін нағыз «фабрикаға» айналуға барлық мүмкіндігі бар. Бұған айтарлықтай қаражат бөлініп жатыр, қазірдің өзінде оның нәтижесі көрінуде. Біз заманауи технологиялар енгізіліп жатқанын көріп отырмыз, соның есебінен өндіріс ұлғаюда. Мәселен, бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару мөлшері 2,5 есе өсті, соның нәтижесінде оның бір бөлігін облыс экспортқа жібере бастады. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Осы жұмыстың барлығы жалғасатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл еліміз халық бірлігінің, өзара түсіністігі мен толеранттылығының нығаюына септігін тигізетін бірқатар маңызды тарихи оқиғаларды атап өтетіне тоқталды.

Соңында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына бақ-береке және табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің