National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орал» халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты

2019 жылғы 13 мамыр

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында әуежайды қайта жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты.

1979 жылы іске қосылып, бүгінде тозығы жеткен Орал қаласының халықаралық әуежайына қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары биыл шілде айында басталады. Жоспар бойынша 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс құрылыстың нәтижесінде, терминал көлемі 4 мыңнан 7 мың шаршы метрге дейін кеңейеді. Қазіргі уақытта терминалдың өткізу қабілеті – сағатына 200 жолаушы болса, жөндеуден кейін 400-ге дейін жететін болады. Қазір жылына 160 мың жолаушыға қызмет көрсетілсе, болашақта әуежай 350 мың жолаушыны қабылдап-шығарып салуға мүмкіндік алады.

Қазақстан Президенті әуежай терминалын қайта жөндеу Батыс Қазақстан облысында жайлы инвестициялық климат қалыптастырудың алғышарты екеніне тоқталды.

– Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз. Шетелдік инвестицияға тартымды болу үшін мұндай жобаны сапалы әрі уақтылы орындау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орал халықаралық әуежайын қайта жөндеу жұмыстарына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы 2,4 миллиард теңге бөлген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің