National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды

2019 жылғы 20 сәуір

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында инженерлік-көліктік инфрақұрылым ахуалымен танысып, жергілікті су тарату станциясын аралап көрді. Қазақстан Президентіне сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі тапсырманың орындалуы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектепке барды. Мемлекет басшысы мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу барысында сапалы білім алу үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.

Қазақстан Президенті ауыл тұрғындарының саны жылдам өсіп келе жатқанын, аталған жағдай азаматтардың тұрмыс сапасына кері әсер етпеуі керек екенін айтты. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге бағытталған шараларға ерекше назар аударды.  

– Біз бұл мәселені жақсы білеміз және Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Тиісті қаражат бөлінді. Аталған мәселе менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл елді мекеннің халқы ресми есептелген межеден көп артып кеткенін айтты.

– Статистикалық мәлімет бойынша кент 16 мың адамға есептелген. Бірақ, іс жүзінде 50 мыңнан астам халық тұрады. Бұл ауданның әлеуметтік саласына үлкен салмақ түсіреді. Аталған мәселені облыс басшылығымен талқылап, жүйелі түрде шешетін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Сапар қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы кемшіліктерді қалпына келтіріп, ауылды одан әрі дамыту үшін Үкіметке және Ақмола облысының әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің