National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының Алатау ауданындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды

2013 жылғы 10 қаңтар

Орталықты аралау кезінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Президентіне автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру міндетін ХҚО-ның басқаруына беру жөніндегі жұмыс барысы, сондай-ақ жаңа рәсімнің негізгі ерекшеліктері туралы баяндады.

Мамандандырылған ХҚО-ның ғимаратында автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ресімдеу жөніндегі операциялық залдар, емтихан өтетін сынып, дайын құжаттар беру секторы, жол полициясы қызметкерлерінің кабинеті, көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындайтын бөлме орналасқан.

Бизнес-процестерді автоматтандырудың, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялаудың, құжаттар дайындауға жауап беретін орындаушылармен тікелей байланысты болдырмаудың арқасында, халыққа қызмет көрсету уақыты қысқарады, сондай-ақ оларды алудың қолайлылығы артады.

Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеуге бір сағатқа жуық уақыт жұмсалса, ал жүргізуші куәліктерін беруге қазіргі кездегідей алты сағат жұмсаудың орнына, екі сағатқа жуық уақыт жұмсалатын болады деп жоспарлануда. Жаңа рәсімдер сыбайлас құқық бұзушылықты жасаудың алдын алатыны жөніндегі фактінің де маңызы зор.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде өзінің тапсырмасына сәйкес мұндай автоматтандырылған орталықтар Қарағанды мен Алматыда жұмыс істеп тұрғанын, сондай-ақ ондай орталықтар Астана мен Ақтау қалаларында, ал келешекте еліміздің өзге өңірлерінде жұмыс істейтінін атап өтті.

- Сіздер жол полициясы атына – сарсаңға салушылық, жемқорлық фактілері, төрешілдік сияқты белгілі бір сын айтылатынын білесіздер. Бүгінде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу және өзге де қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ барлық құжатты бір жерден алу азаматтардың жол полициясы қызметкерлерімен байланысын барынша азайтып, осындай жағымсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді және Алматының барлық тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасайды, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.   

Қазақстан Президенті ХҚО жұмыс барысымен танысып шығып, оның қорытындысы бойынша мамандандырылған ХҚО-ны еліміздің барлық облыс орталықтарында ашу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің