National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті

2012 жылғы 10 тамыз

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Көкшетауда бірқатар жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Экономиканың барлық саласында қарқынды даму қамтамасыз етілді, заманауи зауыттар мен фабрикалар салынды, жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді және мыңдаған жұмыс орындары құрылды. Осы жылдарда Көкшетауда 23 мектеп салынды, балалардың 80 проценті мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етілді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы табыстарын да атап көрсетті.

- Өңірде аграрлық сектор маңызды болып саналады. Өткен жылы егіннен рекордтық өнім жиналды. Биылғы ахуал күрделірек, бірақ ауа райы жағдайына орай жақсарды. Биыл 4 миллиард тонна астық жиналады деп ойлаймын. Облыста өнеркәсіп дамып келеді, облыс бюджетінің көлемі 120 миллиард теңгені құрайды. Осының есебінен барлық әлеуметтік мәселелер шешілуде. Бүкіл Солтүстік Қазақстанның, әсіресе Көкшетаудың медицинасы үздік болып саналады. Бұл жерде кардиохирургиялық, нейрохирургиялық операциялар жасалады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қазақстанның әлемдік экономикадағы қолайсыз құбылыстардың зардаптарына дайындалып отырғанын атап көрсетті.  

- Мен өз мақаламда Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы айттым. Біз жастарымызды жұмыс істеуге және табыс табуға үйретуіміз керек. Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, қалаларға көшу, мамандық алу, жұмысқа орналасу мүмкіндігін жасаймыз. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша, оның ішінде жастарға да арналған тұрғын үйлер салынады. Егер бұрын біздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртумен айналысуға мүмкіндігіміз болмаса, қазір мемлекет тұрғындардың үйлерін жөндеуге көмек көрсетуді ұсынады, - деді Қазақстан Президенті.  

Мемлекет басшысы алдында сөйлеген сөзінде «Қазақстан корейлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Көкшетау филиалының төрағасы Моисей Чжен Қазақстанға алты жасында келіп, қазақ халқының кең пейілділігі мен қонақжайлығының арқасында нағыз отанын тапқанын айтты.

- Биыл алтыншы ұрпағымыз Қазақстанда тұрғанының 75 жылдығын тойлайды. Сіз сол күрделі кезең қайталанбауы үшін еске түсіріп отыру қажеттігін айттыңыз. Біз Астанада ашаршылық құрбандарын еске түсіруге арналған монумент ашылғанына қуаныштымыз. Жақын уақытта бізде Достық үйі салынатын болады. Қазақстан халқы ассамблеясының және облыстық ассамблеясының мүшесі ретінде мен Сіздің бейбітшілікке, бірлік пен адамдардың теңдігіне бағытталған мызғымас саясатыңыз күш алып, басқа елдер үшін үлгі болып отырғанына куәмін. Біз газ құбырын, жылу электр орталығын және тұрғын үй кешенін салуға Сіздің қамқорлығыңыз үшін ризамыз. Мен тыныш әрі бақытты өмір сүріп жатқан еліміз үшін рахмет айтамын, – деді М.Чжен.

Кездесудің қорытындысы бойынша жұртшылық өкілдері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы нақты табыстарды атап өтіп, Қазақстан Президентіне Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты деңгейін арттыру мәселесіне үнемі көңіл бөліп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.                                  

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің